Алматы қаласы Білім басқармасының
«№29 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 77-47-52
Әдіскер:
+7(727) 76-15-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы"
29
қаңтар
2020

"Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы"




ҚР президенті Қ,Тоқаевтың "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы " қаулысын іске асыру аясында бақшамызда аудан аралық "Өлмей тұғын артына сөз қалдырған" деген тақырыппен байқау ұйымдастырылды.
Аудандық байқауға бақшамыздың балалары мен ата-аналар балабақшаның намысын қорғау үшін ат салысты.
Байқаудың мақсаты:Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау,балаланың шығармашылығын дамытып,қызығушылығын арттыру.
Балабақша бүлдіршіндері "Абайға арнау" әнімен қоса Абай Құнанбайұлының қара сөздерін,өлең тақпақтарын оқыды.Байқау тапсырмаларын аса белсенді түрде орындады.Өздеріне берілген Абай Құнанбайұлының қара сөздерін өлеңдерін тақпақтарын мәнерлеп, көркемдеп орындады. Байқау барысында балалар Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысты.Шығармашылыққа белсенділігін арттыру мақсатында балалар байқауға қатысып,өз өнерлерін көрсеткендері үшін марапатталды.