05
ақпан
2020
"Өзін-өзі тан:у:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы""
Сүйіспеншілік құпиялары
Жалпы сүйіспеншілік деген ол бүкіл жарық дүниені сүю. Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау,адам,тал,отан,тіл,дін ) бірдей болса нұр үстіне нұр.
Керемет жазылған сөздер, сүйіспеншілік деген сөздің мағынасын жүз пайыз оқырманына жеткізеді. Мысал келтірсе: (балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі)
Осы тақырыптың басты мақсаты баланы сүйіспеншілікке баулу. Сондықтан ата ананың бала алдындағы парызы күнделікті тұрмысымызда бір бірімізге деген достық, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымызды нығайтуға жас күнінен бастап адамға мейірім сезімі тәрбие арқылы бала бойына сіңіру қажет.
Отбасымызда жалғыз ұлымыз бар. Оның есімі Батыржан . Жасы төртке таяп қалды. Жанұямыздағы көптен күткен ата апасының бірініші немересі болғандықтан еркелікке бөлінгенімен, қоғамдық ортада өзін қалай ұстауды біледі. Батыржан өмірді жаңадан танып келе жатыр, әрбір минут оған қызықты, таңғажайып. Жуырда ғана балабақшаға барды және сонда бірінші достарың кездестірді. Әке анасың кешкі уақытқа дейін сағынытының білсе де, балабақшаға қуана қуана барады. Сондағы тәрбиеші апайларға алғысымыз шексіз, өйткені баламыздың кейбір еркеліктеріне көз жұма отырып,өз баласындай қарайды.
Аллаға мың алғыс Батыржан өз атына сай жігіт болып өсіп келе жатыр.
Баланың тәрбиесі жанұядағы бір біріне деген сүйіспеншіліктен басталады!
Мұрат Батыржан мамасы
Сүйіспеншілік ұғымы туралы өз ойларымды білдірем.
Сүйіспеншілік ұғымы жалпы кең мағыналы, өте күрделі ұғым. Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі қуаты, тірегі, мәні. Ең алдымен сүйіспеншілік ұғымы бүкіл жарық дүниені, әлемді сүю дегенді білдіреді. Әрбір адам өзі тұратын елін, бүкіл тіршілік иелерін, туған жерін ата анасың, ұрпақтарын, туған туыстарын, дос жарандарын, маңайындағы адамдарды ұлтына ұстаған дініне қарамастан құрметтеп бағалап сүйіспеншілік пен қабылдауы керек.
Әрбір адам белгілі бір ортада , қоғамда, мемлекетте өмір сүреді. Осы оның Отаны. Елінің дамуындағы ерекше жетістіктерге жетуіне, өркендеуіне ықыласпен еңбек етіп үлес қосқан адам оны шексіз сүйетін патриоты бола алады.Қоғамның әр мүшесі басқа жандардың еңбектерін, ғылымдағы жетістіктерін , ақын жазушылардың шығармаларын , өнер адамдарының жетістіктерің, спорт әлеміндегі жеңістарді адал ниетімен , шынацы қуанып зор құрметпен бағалап қабылдауы үлкен сүйіспеншіліктің белгісі.Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандар рухы таяз, өзімшілдіктің, менмендіктің қыспағынан шыға алмай ешнәрсені шынайы сүйе алмайды
Өмірзақ Димаш мамасы Байкозова Асем
Бәріде сүйіспеншіліктен басталады
Сүйіспеншілік – адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Сүйіспеншілік –бұл Отанды, туған жерді, елді, ата –ананы, досты т.б. сүю. Сүйіспеншілік сезімі бар жерде сенім бар, сыйластық бар . Осындай жақсы қасиеттерді адам баласына бала күнінен бастап тәрбие беру арқылы бойына сіңіру қажет. Елімізде тынышта бейбіт өмір сүріп жатқанымыз халықтардың бір –біріне деген сыйластығының, сенімінің, сүйіспеншілігінің, бірлігінің арқасында. Адам баласының да мінез құлықтары әр түрлі. Қоғам талабына сай адамзаттың да өмірге деген көзқарастары өзгеріске ұшырап отырады. Қазіргі таңда біздің бойымызда, жалпы адамдарда сүйіспеншілік сезімі жоғалып бара жатқандай. Оның бір дәлелі, ата – анасы бола тұра, қарттар үйінде ата –әжелеріміздің терезеге телміріп, ұл−қыздарын сарғая күтіп отыруы. Аналардың балаға деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан құрсағындағы сәбиін қаланың кез –келген бұрышына тастап кете беруі немесе балалар үйінде тастанды балалардың көбеюі. Осының барлығы адам баласының бір – біріне деген мейірімінің, сүйіспеншілігінің аздығынан болып отыр. Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін м.д мекемелерде, мектептерде, білім беру орталықтарында осындай тақырыптар көптеп қозғалып, түрлі ашық сағаттар, іс−шаралар өткізілсе, сонда ғана жас ұрпақ бойында Отанға , ата− анаға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік ұялары анық.
Сағындық Нұрсұлтан мамасы Джагабиева Жайна
Сүйіспеншілік туралы өз ойым
Жалпы сүйіспеншілік ұғымы –бүкіл жарық дүниені сүю. Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы ол сүйіспеншілік пен сенімде.
Сүйіспеншілік, сыйластық, мейірім сезімін адамға жас күнінен бастап тәрбие арқылы бала бойына сіңіру қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойына Отанға деген, айналасына деген сүйіспеншілік ұялары анық.
Ал Отан дегеніміз – біздің туып өскен, кіндік қан атмған жер, ата –баба, досымыз. Отанға деген махаббат сыйластықпен ұласса –ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Міне сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап− ақ Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отанға ошақ басынан басталады. Отанымыз тыныш, еліміз аман, баларымыз білімді, Отанға деген сүйіспеншіліктері арта берсін. Отанға деген сенімі нық болсын !
Алихан мамасы Айдосова Ақмарал