Алматы қаласы Білім басқармасының
«№29 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 77-47-52
Әдіскер:
+7(727) 76-15-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№29» балабақшасының 2015 -2016 оқу жылының жарты жылдық оқу – тәрбие жұмыстары туралы мәлімет.
02
тамыз
2016

«№29» балабақшасының 2015 -2016 оқу жылының жарты жылдық оқу – тәрбие жұмыстары туралы мәлімет.


        № 29 балабақша  жалпы дамытушы типтегі балабақша, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық қасиеттерін, олардың жеке қабілеттіліктерін, денсаулықтарын  сақтау мен нығайту, мектепке дайындықтарын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру стандарты негізіне сай қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру ісі мемлекеттік тілде  жүргізіледі.

   2015- 2016 оқу жылында білім мен  тәрбие беру процестерін  22  педагог атқаруда, олардың ішінде 16-тәрбиеші, және пән – мамандары.       

 Олардың 15 жоғары білімді , 7 арнаулы орта білімді.
 Біліктілік санаты бойынша:  жоғары-2;  бірінші-3; екінші-14;    санаты жоқ-2;

    Оқу жылында төмендегі талаптарды жүзеге асыру қарастырылды :
- Мектепке дейінгі ұйымдар күн ережесін балаға жеке бағдарлы білім беру тұрғысынан жасау. 
- Педагогикалық процесті білімнің бес түрлі саласын интеграциялау арқылы ұйымдастыру .
   - Мектепке дейінгі ұйымдарда отбасымен ынтымақтастық жұмыс түрлерін жолға қою
- Мектеп жасына дейінгі балдырғандарды әлеуметтік бейімделген , рухани тәрбиемен қамтамасыз ету .

  2015-2016 жаңа оқу жылына алынған негізгі міндеттер


  Балалардың дене дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы және   денсаулық қорғау технологияларын қолдану жолымен дене шынықтыру – сауықтыру әрекетін жетілдіру.

Балалармен: Балаларды өз  денсаулықтарына саналы көзқарасқа  тәрбиелеп,  денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін  түсіндіру.

Балалардың күнделікті қозғалыс белсенділігін дамытып және физикалық қасиеттерін қалыптастыру.

 Ата - аналармен :Ата-аналармен балалардың денсаулықтарын нығайту және дамыту жолында біріккен әрекеттерді ұйымдастыруда отбасымен байланыс жұмыстарын нығайту.   Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде, денсаулық мерекелері мен күндерінде, спорттық кештер, спорттық  жарыстар, спорттық отбасылық байқаулар арқылы денсаулықты нығайту жұмыстарын өткізу.

Педагогтармен: «Денсаулық»  білім беру саласын жыл бойы жан-жақты қарастырып,  дене шынықтыру, валеология негіздері арқылы оқу іс-әрекеттерін  дұрыс ұймдастыру

ІІ- Балалардың тілдік қатынасын жан – жақты дамытуда көркем сөзді қолдану

Балалармен: Балалардың  тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөз, көркем әдебиетті қолдану арқылы: сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, қиялы мен грамматикалық құрылымын жетілдіру және байыту

Ата - аналармен :Ата-аналармен балалардың тілдік қатынасын дамытуда жан-жақты іздену, ертегілерді кейіпкерлендіру, сахналық қойылым, мазмұнды-рөлді  ойындар, салт-дәстүрлермен таныстыру, саяхаттарды ұйымдастыруда көркем сөзді қолданудың жаңаша әдістері мен тәсілдерін қолданып, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу жолын қарастыру.

Педагогтармен: «Қатынас» білім беру саласы бойынша баланың жеке тұлғалық-тілдік білімін  дамыту: оның білуге құмарлығын, талаптылыққа, өз бетімен жаңа әсерлерді ізденуге, түрлі әрекеттердегі қабілетін байқау, өзінде туындаған сұрақтарға жауап табуды, ана тілінде таза сөйлеп,оның құндылықтарын меңгеруге, мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайындығын қалыптастыру

- Оқу іс - әрекетінің ашық көрсетілімдері жоспарланып мынадай тақырыпта өтті: МД «Тұлпар» тобында «Спорт әлеміне саяхат» Оспанова А. Ақбаева Ж.

Ересек «Гүлдер» тобында «Денің сау болсын десең»  Даулеталиева Ж, Ақбаева Ж.   Ересек «Қуаныш» тобында   «Біз шыныққан баламыз»   Нұртазаева Н., Ақбаева Ж.  І-кіші «Балапан» тобында  «Біз де жасай аламыз»

Жакашева  Б. ІІ-кіші «Ақбота» тобында  «Біз шыныққан баламыз» НабиеваА. Мд   «Тұлпар» тобында  «Менің көңілді добым» Жакашева Д.   
Балабақшада  ата – аналар жиналысы өткізіліп отырады .  


 Қауіпсіздік мектебі жұмыс жоспарында меңгеруші Ж.Ж. Сердалиева  «Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау»,  «Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және өмір әрекетіндегі қауіпсіздікті сақтау»  нұсқаулармен  үнемі  таныстырып отырады.
     
Медбике З.А.Шайкенова ұйымдастыруымен балалар жарақатын алдын алу іс шараларын денсаулықты қорғау бағытында, балалар ауруына тұрақты талдау жүргізіліп , топтарда , тамақ блогында , кір жуатын бөлмеде дезинфекциялық ережелерді орындау талап етіліп бақылау жүргізіліп отырады .

Ата-аналармен балалардың денсаулықтарын нығайту және дамыту жолында «Тұлпар», «Жұлдыз»,  «Қуаныш», «Гүлдер» топтарда  «Әкем, шешем және мен»! спорттық отбасылық сайыстар өткізілді.

 

 Серуен мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетің ұйымдастырудағы режімдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мазмұны:
1. Бақылау;
2. Еңбекке баулу;
3. Қимыл белсенділігін арттыру: қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар;
4. Баламен жеке жұмыстар
5. Балалардың өз бетінше әрекеті
Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:
Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау. Гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау. Видеофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Зерттеу, тәжірибелер жасау. Табиғатқа тақырыптық, мақсаттық саяхаттарға шығу.

Балалар киіміне қойылатын талаптар: Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыстықтап  немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек; Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет.
Серуенге қойылатын талаптар:

-балалардың серуендейтін аумағының қауіпсіздігі мен ерекшелігіне жағдай жасау.

-Серуеннің мазмұны мен тәртібіне ерекше көніл бөліп реттеу;

-Балалардың қоршаған ортаны, табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оятуды жалғастыру;

-Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асыру;

-Қарапайым экологиялық түсініктеріді қалыптастырып меңгерту;

-Баланың танымдық, көркем-эстетикалық, әлеуметтік-тұлғалық дамуына ықпал ету;

-Еңбек түрлерін ұйымдастырғанда бала жасын ескеру;

-Баланың физикалық даму деңгейін, қимыл белсенділігін арттыру;

Похожие публикации: